Шы; ыс; аза; стан Облысыны; бруцеллез ауруы бойынша статистикалы; м; ліметтері

Бруцеллез мал. Ет қауіп(сіз)?

Маңғыстау облысында құтыру індетінен төрт түлік қырылған. Бір ғана Жармыш ауылында қырыққа жуық түйе мен жылқы өлген. Жергілікті халық әкімдік өкілдерінен жәрдем сұраған. Алайда құзырлы мекеме сараптама қорытындысын күтіп, уақыт созып жіберген. Енді халық «індет малдан адамға жұға ма?»- деп алаңдап отыр. Аурудың алғашқы белгілерін ауыл тұрғындары былтыр қыркүйекте байқаған. Сол кезде 15 түйе мен жылқы өлген екен. Ветеринар мамандар ауруды анықтауға асықпаған соң тұрғындар өздері сараптама жасатады. Сол кезде оң нәтиже берген дейді. Ал өлген малдың саны 40-қа жеткенде, тағы бір сынама жасалған.

Жомарт Ұзақбаев, Жармыш ауылының тұрғыны:

Малды егу керек. Өткенде әкімге де айтқам. Әкім дәрі келмей жатыр дейді. Келген вакцина жеткіліксіз, келгені өтіп кеткен. Бізден басқа жақтар егілген.

Жармыш ауылының халқы малмен күн көріп отыр. Шағын шаруа қожалықтарымен қоса есептегенде ауылда 2 мыңға жуық түйе, 3 мыңдай жылқы бар.

Бейсенбі Бекмағамбетов, Жармыш ауылының тұрғыны:

Бір ай көлемінде хабар береміз, егер құтырған болса, содан соң ақша бөліп, вакцина жасаймыз дейді. Ал, оған дейін мал өліп жатыр. Алдында түйе көптеп өліп еді, енді жылқы малы өліп жатыр. Біздің ауылдан 35-40 мал өлді.

Азаматтар әу баста малы ауырғанда құтыруға шалдыққанын білмей, сойып алған көрінеді. Енді алаңдаулы.

Қалдыбай Теңселов, Жармыш ауылының тұрғыны:

Менің балам мал сойысқан, бірақ егілген жоқ. Егілмей жатқандар қаншама? Дәрі жоқ.

Жаманқұл Әлиев, Жармыш ауылы әкімдігінің бас маманы:

Лабораторияға жіберілді, нәтижесінде құтыру деп келді. Қазір біз аудандық ветстанциямен хабарластық. Олар вакцинаны күтіп отыр. Енді егу жұмысын бастамақ. Дизинфекция жұмыстары жүргізілген. Енді адамға санэпидемстанция қарайды ғой, олар өз жұмысын жасап жатыр.

Ал Ақтөбе облысында бруцеллезге шалдыққан ірі қара саны 300-ден асып кеткен. Бұл жағдай төрт түлікпен күн көріп отырған ауыл тұрғындарына үлкен соққы. Енді олар маңдай терімен өсірген ақадал малын амалсыз тиынға өткізіп жатыр.

Қазір облыста іңдеттің 19 ошағы белгілі. Мамандар оның сегізінде қауіп жоқ деп сендіреді. Алайда Ойыл ауданындағы жағдай мәз емес. Қаратал мен Кемер ауылдарының өзінен 100-ге жуық сиырдан ауру табылыпты. Тұрғындар ветеринар мамандарды көрсе, қаралай қорқатын хәлге жеткен. «Енді қалған малымыздан айрыламыз ба?», — деп шошиды. Көбінің ауру малды 300 шақырым жердегі облыс орталығына апарып тапсыруға жағдайлары жоқ.

Салахия Бейсенғалиева, Ақтөбе облысы Ойыл ауданының тұрғыны:

Менің екі бас малым шығып тұр. Біреуі туып тұрған. Оның бұзауын, 20 күндік, қалай бағамын енді? Күн көріп отырғанымыз сол мал ғой. Бір өзімнің пенсиям. Оны қалаға апарып тапсыратын адамым жоқ. Бір коммерсантқа салдым да жібердім. Жалғыз түйір бала қолымда бағып отырған, ол да далада, вахтада. Сол енді, халықтың жағдайын қарау керек қой.

Жыл басталғалы облыста 50 мыңнан аса малдан қан сынамасы алынып, 303 ірі қарадан бруцеллез анықталған. Бұл санның тағы қаншаға өсетінін әзір ешкім айта алмайды. Облыстың ветеринар мамандары мен Ойыл ауданының басшылығы тұрғындардан ауру белгілері анықталған малды тез арада түгелдей тапсыруды сұрап отыр.

Бұлбұл Күзембаева, Ойыл ауданының әкімі:

Читайте также:  Джилиан Майклс - Похудеть за 30 дней 1, 2, 3, 4 уровень на русском с видео и отзывами

Шектеулерді пайдаланып сол ауылдағы ауру малдарды жоюымыз керек. Соған байланысты ветеринар мамандар заңның аясында жұмыс жасайды. Заңмен белгіленген ережеге сәйкес халыққа қызмет көрсетеді. Сойылған малдарда егер өзгеріс болмаса, мал иесінің өзіне де қайтарылып беріледі.

Мамандар 15 тәулік сайын малдан қан сынамасын алып жатыр. Ветеринарлық-санитарлық сараптамалардан соң мал иелеріне өтемақы беріледі. Еттің келісіне 1380 теңгеге дейін төленуі тиіс. Оның 70 пайызын ет өңдеу комбинаты, қалғанын мемлекет өтейді. Онда да сиырдың салмағы 200 келіден асса ғана көңіл жұбатарлық ақы алуға болады. Қыс мезгілінде малдың күйі төмен болатынын ескерсек, шаруалардың неге шулап жүргенін түсінесің. Қазір ауруға шалдыққан малдар Ақтөбеге жеткізіліп жатыр. Ет комбинатында сойылған сиыр еті бір тәулік сақталып, қауіпсіз деп танылса базар сөрелеріне жіберіледі. Ал қалғаны қайта өңдеуге тапсырылады. Осы жерде тағы бір мәселенің шеті көрінеді. Базарға, одан қалды мектеп, балабақша, аурухана асханаларына жетуі мүмкін малдың еті 100 пайыз қауіпсіз бе? Оған тіпті, ет комбинаты басшысының өзі күмәнмен қарайды.

Айбек Қалдығұлов, ет комбинатының директоры:

Бұрынғы кездері шалдыққан болса переработкаға кетуі керек еді. Қазір көрінбегенмен сонан кейін піскеннен соң көрініп қалады.Жалпы өзім реализацияға жіберіп жатқан малға қарсымын. Бүкіл мал бруцеллезге шалдықты ма, промбереработкаға өту керек қой бәрі.

Ал Қостанай облысындағы эпизоотиялық жағдай тұрақты деп мәлімдейді, шенеуніктер. Дегенмен кейбір өңірдегі ахуал алаңдатарлық. Мәселен, Арқалық қаласының маңындағы Фурманов, Жалғызтал, Екідің, Көктау, Жаңақала секілді бес ауылда бруцеллез белең алған. Елді мекендерде ауру деп 5 мыңнан астам қара мал есепке алынса, соның 1562-сі ғана тексерілген. Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Берікжан Қайыпбайдың айтуынша, жергілікті жердегі мамандар індеттің таралуын жасырады. Ал тұрғындар болса төрт түліктің санын түгел айтпайды. Дер кезінде бруцеллезге қарсы екпе салғызбайды. Соның салдарынан бруцеллез індетінен басқа да жұқпалы аурулар өрши түскен.

Берікжан Қайыпбай, Қостанай облыстық ветеринария басқармасының басшысы:

Жоспарлы тексерулерден кейін, өткен желтоқсан айында сойылған малдардан туберкуллез ауруы анықталды. Бұл аша тұяқтылар «Арқалық тәжірбие стансасы» ЖШС-іне тиесілі. Осыдан кейін шаруашылықтағы барлық 417 ірі қара тексерілді. Соның 26-сы қауіпті індетті жұқтырғаны белгілі болды. Мұны Астанадағы ветеринарлық референт орталығы да растады.

Қостанай облысында кешенді диагностикалық тексеріс басталды. Ветеринарлық қадағалау комитетінің басшылығы төрт түлікті түгел тексеруге қаражат жеткілікті деп отыр. Мал арасындағы созылмалы індет бұрыннан бар. Сондықтан бруцеллез бірден «бұрқ етті» деу бекер сөз,–дейді ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері.

Жануарлардың шектеу iс-шаралары немесе карантин белгiленетiн жұқпалы ауруларының тiзбелерiн бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 18-03/128 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 16 сәуірде № 7583 тіркелді.

«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1) Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Жануарлардың карантин белгiленетiн жұқпалы ауруларының тiзбесi;

2) Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Жануарлардың шектеу iс-шаралары белгiленетiн жұқпалы ауруларының тiзбесi.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Министр А. Мамытбеков
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2012 жылғы 28 наурыздағы
№ 18-03/128 бұйрығына
1-қосымша

Карантин белгiленетiн жануарлардың жұқпалы ауруларының тiзбесi

Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 21.11.2018 № 464 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

Әртүрлі жануарларға ортақ аурулар: сібір жарасы, аусыл, шешек (сиыр, жылқы, шошқа шешегінен басқа), Ауески ауруы, риккетсиоздар және экзотикалық аурулар.

Читайте также:  Можно ли пить газированную воду - статьи Аквалайф

Күйіс қайыратын жануарлардың аурулары: ірі қара малдың обасы, ірi қара малдың жұқпалы алаөкпесі, қарасан, ірі қара малдың нодулярлық дерматиті, ірі қара малдың кемiктәрiздес энцефалопатиясы, түйелердің обасы, кебенек (ешкілердің жұқпалы плевропневмониясы), қойлардың инфекциялық катаральды қызбасы (блютанг), қойлардың баяу инфекциялары (скрепи, висна-маеди, аденоматоз), күйіс қайыратын ұсақ малдардың обасы.

Жылқының аурулары: маңқа, эпизоотиялық лимфангит, тұмау, жылқының африкалық обасы, инфекциялық энцефаломиелит, инфекциялық анемия.

Шошқаның аурулары: классикалық оба, африка обасы, тұмау, везикулярлы ауру, энзоотиялық энцефаломиелиті (Тешен ауруы).

Құстардың аурулары: құс шешегі, тұмау, Ньюкасл ауруы, үйректердің вирустық гепатиті, респираторлық микоплазмоз.

Терісі бағалы аңдар мен үй қояндарының аурулары: етқоректілер обасы, қояндардың миксоматозы.

Балықтардың аурулары: көктемгі вирус ауруы, аэромоноз.

Баларалардың аурулары: американдық шіріме, еуропалық шіріме, залалды тұқым-құрт.

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2012 жылғы 28 наурыздағы
№ 18-03/128 бұйрығына
2-қосымша

Шектеу қойылатын жануарлардың жұқпалы ауруларының тізбесі

Әртүрлі түліктерге ортақ аурулар: құтырық, лептоспироз, листериоз, пастереллез, некробактериоз, дерматомикоз (трихофития, микроспория, парша), қатерлі домбығу, везикулярлы стоматит, лейкоз, шірікбақай, бруцеллез, туберкулез, шешек (қой, ешкі, түйе, құс шешегінен басқа).

Күйістілердің аурулары: паратуберкулез, кампилобактериоз, жұқпалы ринотрахеит, сиырдың вирустық диареясы, қойдың жұқпалы энтеротоксемиясы, брадзот, сиырдың парагрипы, қой мен ешкінің жұқпалы агалактиясы, жұғымтал эктима, жұқпалы эпидидимит, қойдың хламидиоздық іш тастауы, сиырдың зілді катаральді қызбасы, қойдың жұқпалы маститі. Шошқаның аурулары: энзоотиялық пневмония, тұмау, жұқпалы атрофиялық ринит, дизентерия, вирустық гастроэнтерит, гемофилездер, тілме.

Жылқы аурулары: сақау, ринопневмония.

Құс аурулары: жұқпалы ларинготрахеит, жұқпалы бронхит, үйректің вирустық синуситі, тұмау, Марек ауруы, респираторлық микоплазмоз, жұқпалы бурсит, құстың сальмонеллезі, орнитоз.

Терісі бағалы аңдардың және қоянның аурулары: күзеннің Алеут ауруы, инфекциялық гепатит, инфекциялық стоматит, инфекциялық ринит.

Балық аурулары: тұқы балық шешегі, тұқы балықтың геморрагиялық септицемиясы.

Бал арасы аурулары: гафниоз, варроатоз, аскофероз.

Бруцеллез қоздырғыштары

1886 жылы Д.Брюс мальтия қызбасынан өлген адамның көкбауырынан таза дақылда майда коккобактерияны анықтаған, оны Micrococcus — деп атаған. 1896 жылы Б.Банг сиырдың түсігі кезінде жолдасының сұйықтығынан коккобактерия анықтаған. 1914 жылы Ж.Траум осыған ұқсас таяқшаны ауру шошқада анықтаған. 1916 жылы Ивенс барлық анықталған микроағзаларды зерттеп, олардың ұқсастығын анықтап, ғалым Брюстың құрметіне бруцелла деп атаған. Кейіннен (1953, 1957, 1966 жылдары) бруцеллалардың басқа түрлері ашылған. Олардың бәрі Brucella туыстығына біріктірілген.

Қазіргі кезде бруцеллаларды негізгі қожайынының белгілерінің түрлеріне қарап былай жіктейді: В. melitensis — майда үй жануарлары (қой, ешкі) ауырады; В. abortus — ірі қара мал ауырады; В. suis -шошқалар ауырады және т.б.

Бруцелланың әр түрі биоварларға бөлінеді: В. melitensis — те 3 биовар, В. abortus — та 9 биовар, В. suis — те 5 биовар бар. Адам үшін патогенді болып В. melitensis саналады. В. abortus — адамдарда аурудың клиникалық белгілерін оте сирек туындатады.

Морфологиясы

Бруцеллез қоздырғыштары майда 0,6 — 0,8 х 0,3 -0,5 мкм. Бактериялардың пішіні таяқша тәріздес немесе сопақ болады. Жылжымайтын. Спора түзбейді. Нәзік қабықша түзеді. Грамм теріс. Жұғындыда тәртіпсіз орналасады.

Дақылдануы

Бруцеллалар — аэробтар. Қоректік ортаға талабы үлкен. Қоректік ортада жәй өседі (2 — 3 апта). Оларды арнайы қоректік ортада: сарыуызды — декстрозды агарда, сарысу және қан агары қосылған картоп тұрындысында (5% қой қанынан дайындалған), «Д» ортада, ЕПА және ЕПС, бауыр агарында өсіреді. Олар 37°С температурада, рН 6,8 — 7,2 өседі. Кейбір штамдардың өсуі үшін 5 — 10% С02 қажет, әсіресе алғашқыларын анықтау үшін.

Қатты қоректік ортада нәзік, майда, түссіз, томпақ, перламутр тәрізді жылтырақ S — пішінді колониялар түзеді. Кейбір факторлардың әсерінен олар диссоцирленіп, R — пішінге өтуі мүмкін. Антибиотиктердің әсерінен олар L — пішінге өтуі мүмкін. Сұйық қоректік ортада бруцеллалар біркелкі лайлылық туындатады. Бруцелланы тауық эмбрионының сарыуызды қапшығында дақылдауға болады. Бруцелланың түрлерін күкірт сутек түзуіне және бояйтын, негізінен фуксинді және тионинді орталарда өсіру арқылы нақтылауға болады.

Читайте также:  Лечение пиявками варикозного расширения вен гирудотерапия, схема куда ставить пиявок и противопоказа 1

Ферментативтік қасиеті

Бруцеллалар Д — рибозаны, Д-галактозаны, аланин және аспаргинді ыдыратады. Кейбір штаммалары аминқышқылын гидролиздеу арқылы аммиак түзеді. Бруцеллалардан гиалуронидаза, каталаза, пероксидаза, липаза, фосфатаза және басқа да заттар түзіледі. Бруцеллалардың айқын инвазивтік қасиеті бар.

Токсинтүзгіштігі

Бруцеллалардың патогендік қасиеті эндотоксинге байланысты анықталады. Сонымен қатар олардың аллергендік қасиеті де бар.

Антигендік құрылысы

Бруцеллалар құрамында екі соматикалық антиген бар: А және М. Бүл антигендер түріне байланысты спецификалық болып саналады. Олар үнемі микроб ұлпасының құрамына кіреді, бірақ әр түрлі ара қатынаста. В. melitensis құрамында М — антиген көбірек, В. abortus және В. suis құрамында A — антиген көбірек, сонымен қатар соңғыларының құрамында термолабильді Vi — антиген анықталған.

Қоршаған орта факторларына төзімділігі

100°С темнературада бруцеллалар тез өледі. 80-85°С температурада — 5 минуттан кейін, 60°С температурада 30 минуттан кейін өледі. Төменгі температураға олар төзімді. Күн сәулесінің әсерінен олар тез жойылады. Ылғалды жерде бруцеллалар 3-4 айға дейін сақталады. Сүт тағамдарында 40 — 45 күнге дейін, қатырылған етте 5 айға дейін, топырақта және суда 3-5 айға дейін сақталады.

Жануарлардың қабылдағыштығы

Бруцеллезбен негізінен үй жануарлары: ірі қара мал, ұсақ мал, шошқалар, бұғылар және т.б ауырады. Бруцелланың әр түрі жануарлардың белгілі бір түрін зақымдайды, бірақ бруцеллалар орын алмастыруы да мүмкін, яғни бір жануардан екінші бір жануарға өтуі мүмкін. Мысалы, В. abortus ұсақ малды зақымдауы мүмкін.

Аурудың негізгі белгісіне: ұрғашыларында — түсік, ал еркектерінде — орхиттің болуы жатады. Сонымен қатар буындарының зақымдануы, малдың азуы, жүндерінің түсуі және т.б жатады. Кейде жануарларда бруцеллез жасырын түрде өтуі мүмкін, ол жапуарлар арасында жұқпаның кең таралуына ықпалын тигізеді. Тәжірибелік жануарлардан бруцеллаға теңіз шошқасы, ақ тышқандар сезімтал болады. Ауруды жұқтырғаннан кейін олар түсік тастайды, тез азады, жүндері түсе бастайды. Тышқандарда кейде септицемия пайда болады.

Инфекция көзі

Адамдардың бруцеллезбен ауыруының негізгі көзі ұсақ және ірі қара мал болып табылады. Адамдардың бруцеллез жұқпасын тасымалдауда эпидемиологиялық маңызы жоқ.

Берілу жолдары

Тағамдық, қарым — қатынас, тұрмыстық, ауа -тамшы арқылы беріледі. Қарым-қатынас арқылы малдармен жұмыс жасағанда: жануарларды күткенде, жануарлар өнімдерін өндіретін, шикізат өңдейтін өндірістерде, жануарлардың шығындыларымен, туғызу кезінде, сойған кезде, еттерін бөлшектеген кезде жанасу арқылы жұқтырады. Аэрогенді жолмен бруцеллалар тері және шырышты қабат арқылы ағзаға енеді. Тағамдық жолмен — адам тағам ретінде бруцеллалармен ластанған тағамды қоданған кезде жұқтырады. Әсіресе қауіпті болып сүт және сүт тағамдары саналады.

Патогенезі

Ағзаға түскеннен кейін бруцеллалар лимфа жолда-рымен лимфа түйіндеріне, қанға, сүйек майына, паренхиматозды мүшелерге жетіп, ұлпалардың ішіне орналасады. Процесс асқынған кезде бруцеллалар ұлпалардан қанға өтеді де аурудың қайтадан өршуі байқалады. Ауру буындардың ісінуімен, невралгиямен және табиғи түсікпен сипатталады.

Иммунитеті

Иммунитет ұлпалық (фагоцитоз) және гуморальді факторлармен — агглютининдермен, комплимент жалғастырушы антиденелермен және т.б. іске асады. Иммунитет аллергиялық жағдаймен қатарласа жүреді. Теңіз шошқаларына жүргізілген тәжірибеде олардың ағзасына екінші рет қоздырғышты еккенде төзімділік бруцеллезге оң реакциямен қатарласа жүрген.

Алдын алу

Жоспарлы түрде мал шаруашылықтарын, мал жайылымын, мал соятын жерді, ет және сүт өндіретін өндірістерді тексеріп тұру.

Спецификалық алдын алу

Тірі вакцинамен вакцинациялау В. abortus (іитамм 19-ВА). Егуді бір рет тері үстіне жүргізеді, ревакцинация 8-12 айдан кейін жасалады.

Емі

Левомицетин, эритромицин антибиотиктерімен. Ауру қайталануының алдын алу үшін бруцеллезді иммуноглобулин қолданылады.

Ссылка на основную публикацию
Шишка на щиколотке фото и что делать если появилась на внутренней стороне
Шишка на ноге: причины появления, тревожные симптомы и методы лечения Косточка на ноге является вальгусной деформацией стопы. Это далеко не...
Шизофрению можно победить Архив Аргументы и Факты
Клопиксол депо : инструкция по применению Состав 1 мл масляного раствора содержит: активное вещество - зуклопентиксола деканоат 200 мг; вспомогательные...
Шизофрения — причины, симптомы, диагностика и лечение
Шизофрения в психиатрии Что такое шизофрения? Шизофрения – это психическое расстройство, для которого характерно искажение мышления (бред) и восприятия окружающей...
Шишка от прививки у собаки
Опухло и болит место укола после прививки от столбняка: нормальная реакция или осложнение? Иммунизация против столбняка обязательна к проведению для...
Adblock detector